ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘНСІЛ МӘДЕНИЕТІ
«Кәнсіл мәдениеті» (cancel culture) немесе бас тарту мәдениеті – бүгінгі жаһандық қоғамның күрделі әлеуметтік феномендерінің бірі. Бұл әлеуметтік саяси терминнің түп-тамыры қоғамдық мораль мен әділеттік ұғымдарының эволюциясына, бұқаралық ақпарат құралдарының және кейінірек әлеуметтік желілердің пайда болуына тікелей байланысты. «Кәнсіл мәдениеті» ұғымының түпкі мағынасы – белгілі бір тұлғаның әрекетіне немесе сөзіне қоғам тарапынан наразылық білдіріп, оны мәдени кеңістіктен «ығыстыру», яғни бойкот жасау. Нәтижесінде адамның немесе компанияның әлеуметтік немесе кәсіби қауымдастықтарда, желілік ортада, әлжелілерде, керек десеңіз шынайы әлемде де қолдаудан айырылуға дейін апарады. Алайда оның тарихи дамуы мен мән-мазмұны бір бағытта өрбіген жоқ – уақыт өте келе «кәнсіл мәдениеті» әртүрлі форма мен мазмұнға ие болып келе жатыр. Сол себепті де Қазақстандағы «кәнсіл мәдениетіне» бір бағытта баға беру қиын. Жалпы бас тарту мәдениеті қалай жүзеге асырылады: Бас тарту мәдениеті аясында танымал адам немесе компания медиа құралдарының арқасында оқшауланады. Себебі әдетте кэнселлинг кез келген танымал адам тарапынан дисфункционалды коммуникация, орынсыз пікірлер, қоғамдағы моральдық және этикалық нормаларды бұзаттың іс әрекеттің болуы. Мұндай жағдайда қоғамдық қысым көмегімен танымал адамды өз қызметінен (мысалы саяси немесе медиа мансап) айырылуы да ықтимал. Ал кэнселлингке үлкен компаниялар ұшыраса, адамдар сол брендтің өнімін тұтынудан бас тартуы мүмкін. Жарқын мысалы: Magnum, Chocofood, QazaqCofee, Gusto кейстері әлі жадымыздан шыға қоймады. Еліміздегі белгілі инфлюенсерлер аталған бойкот түрінің әлі күнге дейін дамымағанын айтады. Біз бұл мақаламызда «кәнсіл мәдениетінің» жалпы даму тарихына тереңірек үңіліп, әлемдік және отандық жағдайлармен мысал келтіретін боламыз.
«Кәнсіл мәдениеті» мойындауымыз керек бұл әлеуметтік медиа дәуірінің феномені. Бір кездері тек санаулы топ қана пайдаланған жариялылыққа енді әлеуметтік желінің арқасында бұқараның да қолы жетіп отыр. Әлеуметтік желінің әлеуетінің өсіп отырғанының айқын көрінісі десек те болады. Адамдар әлеуметтік желінің арқасында өз позициясы мен көзқарасын білдіруге мүмкіндік алды. Менің байқауым бойынша, Қазақстандық қоғамдағы "бас тарту мәдениеті" көбінесе мемлекеттік тілге, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, гендерлік теңдікке қатысты мәселелерде көрінеді.
Канселлинг көбінесе азаматтық белсенділіктің көрсеткіші ретінде қызмет етеді, өйткені адамдар түсінді: әлеуметтік желілер — бұл жағдайға әсер ету үшін бірігуге мүмкіндік беретін күш. Дегенмен, «кәнсіл мәдениетінің» қоғамдағы орны мен салдарын бағалағанда абай болу қажет. Әрбір оқиғаның құқықтық және этикалық жағын ескеру, эмоцияға бой алдырмай, объективті баға беру маңызды. Өйткені асығыс үкім немесе радикалды қадамдар қай кезде де қоғамдық диалогтың сапасына әсер етеді.
Қорыта айтқанда, Қазақстанда «кәнсіл мәдениеті» енді-енді қалыптасып келе жатыр. Бірақ оның қандай бағытта дамитыны – қоғамның әділет, құқық және мәдениетке деген ұстанымына байланысты болмақ. Кәнсіл мәдениетінің шекарасын сызатын ол қоғам, сондықтан кез-келген жаңадан пайда болған құбылыстар секілді кэнселинг те бастапқы табиғи бейімделуінде қиындықтарға да ұшырауы мүмкін.
Кеңесов Әкежан Бақытұлы