ХОЖАНТТАҒЫ САЯСИ БАС ҚОСУ: ТӘЖІКСТАН, ҚЫРҒЫЗСТАН, ӨЗБЕКСТАН
2025 жылғы 31 наурызда Орталық Азияның ең көне қалаларының бірі – Хожантта Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінің басшыларының тарихи үшжақты кездесуі өтті. Бұл оқиға аймақтық ынтымақтастық пен интеграцияны дамыту, саяси сенімді нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды жақсарту және стратегиялық бастамаларды бірлесіп ілгерілетужолында маңызды қадам болды. Хожанттағы үшжақты кездесу Тәжікстанның сыртқысаясатындағы маңызды жетістік ретінде бағаланды. Бұл елдің аймақтағы тұрақтандырушы фактор ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын және өңірлік диалог үшін алаң ретінде маңыздылығын көрсетті. Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасындағы мемлекеттікшекаралардың түйісу нүктесі туралы шарттың қабылдануы бұрын даулы болған аумақтықмәселелерді ресми түрде шешіп, көпжылдық келіспеушіліктердің аяқталғанының белгісі болды.
Келіссөздердің негізгі нәтижелерінің бірі – өзара тату көршілік, стратегиялық серіктестік және егемендікті құрметтеу қағидаттарына негізделген Мәңгілік достық туралы Хожант декларациясының қабылдануы болды.
Көп талқыланған мәселелердің бірі – Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың үш ел азаматтары үшін туристердің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ортақ виза енгізу туралы бастамасы. Бұл бастама Еуропадағы Шенген визасына ұқсас болуы мүмкін және өңірлік туризмнің дамуына елеулі үлес қоса алады. Тәжікстан мен Өзбекстан тарапынан ресми пікір білдірілмегенімен, бұл ұсыныс өңір елдерінің жақындасуға және шетелдік туристер менинвесторлар үшін тартымдылығын арттыруға деген ұмтылысын көрсетеді.
Президент Эмомали Рахмон, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиеевтің екіжақтыкездесулері де маңызды рөл атқарды. Атап айтқанда, Тәжікстан мен Өзбекстан арасындаодақтастық қатынастар туралы хаттаманың қол қойылуы екіжақты стратегиялық әріптестіктітереңдетуге бағытталған маңызды қадам болды.
Келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінді. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің айтуынша, соңғы жылдары үш ел арасындағы тауарайналымы он есеге артқан, оның жартысына жуығы шекаралас аймақтарға тиесілі. Бұлтрансшекаралық сауданың жоғары әлеуетін және оны институционалдық түрде нығайтудыңмаңыздылығын айғақтайды. Мирзиеев үшжақты сауда алаңын құрып, өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы өнімдерінің тұрақты жәрмеңкесін ұйымдастыруды ұсынды. Сонымен қатар, кедендік өткізу бекеттерін кеңейту және заманауи сауда-логистикалық инфрақұрылымдыдамыту мәселелері көтерілді.
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Датка – Соғды» жоғары кернеулі электржелісінің іске қосылуына назар аударып, энергетикалық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, жол-көлік инфрақұрылымы, су ресурстары және энергетика салаларындағыынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл – климаттық және инфрақұрылымдықсын-қатерлер аясында өзекті тақырыптар. Кездесу аясында көлік байланыстарын дамыту қажеттілігі де расталды. Шекара маңындағы аймақтарда жаңа автобус бағыттарын ашу және әуерейстерін арттыру жоспарлануда. Бұл халықтың мобильділігін арттырып, нарықтар мен білім беру мекемелеріне қолжетімділікті жақсартып, трансшекаралық сауданы жеделдетуге мүмкіндік береді.
Хожанттағы кездесу тек дипломатиялық іс-шара ғана емес, сонымен бірге өңірлік саясаттың жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін көрсететін маңызды оқиға болды. Шекара түйісунүктесі туралы шарт пен Мәңгілік достық декларациясы секілді құжаттардың қабылдануыөзара сенімді тереңдетуге және Орталық Азиядағы орнықты ынтымақтастықты ілгерілетугебағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.
Президент Эмомали Рахмон атап өткендей, «біздің елдер мен халықтарды көпжылдықдостық, тату көршілік және бірлескен даму байланыстары біріктіреді». Бұл ұстаным – өңірлік интеграцияның жаңа кезеңінің іргетасы. Бірлескен виза, инфрақұрылымды кеңейту және саудаалаңдарын құру туралы ұсыныстар Орталық Азияда бірыңғай экономикалық жәнегуманитарлық кеңістік қалыптастыруға деген ұмтылысты көрсетеді.
Осылайша, Хожант – құжаттарға қол қойылған алаң ғана емес, сонымен қатартұрақтылық, интеграция және ортақ өркендеуге бағытталған жаңа өңірлік бағыттың символынаайналды.
Сариева Ботагөз Берікқызы