Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі.
Қазіргі кезде халықаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттің рөлі оның тек қана әлем елдерімен қарым-қатынасының деңгейіне ғана емес, географиялық көршілес орналасқан мемлекеттермен қарым-қатынасына да тікелей байланысты екені байқалады. Осы себепті Орталық Азия елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға елдердің географиялық орналасуының жақындығы, тарихтағы терең байланысы, тілдерінің, мәдениетінің және салт-дәстүрінің ортақ тұстары сенімді негіз бола алады. Орталық Азия аймағында ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының басты міндеттерінің бірі болып қалмақ. Көршілес мемлекеттермен арадағы татулықты сақтай отырып, жылдар бойы қалыптасқан тұрақты қарым-қатынасты дамыту Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі.