"Логистиканың геосаясаты: Орталық Азияның көлік дәліздері әлемдік жүйеде"
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы 2025 жылдың 4 сәуірінде сағат 10:00-де «Логистиканың геосаясаты: Орталық Азияның көлік дәліздері әлемдік жүйеде атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастыруда. Іс-шараның мақсаты – Орталық Азиядағы көлік-логистикалық бағыттарды дамыту, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі заманғы сын-қатерлер мен өңірлік ынтымақтастықтың перспективаларын талдау бойынша көпжақты диалогты ілгерілету.
Қатысу үшін отандық және шетелдік ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтардың өкілдері, практиктер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылады.
Конференцияның негізгі бағыттары:
* Орталық Азиядағы халықаралық көлік дәліздерінің дамуы мен болашағы;
* Көлік қауіпсіздігі және аймақтың экономикалық тұрақтылығы мәселелері;
* Логистикалық дипломатия және оның халықаралық қатынастардағы рөлі;
* Жаһандық экономикалық және геосаяси өзгерістердің аймақтың көлік жүйесіне әсері.
Сіздің халықаралық қатынастар мен стратегиялық зерттеулердегі біліміңіз осы конференциядағы талқылауларға үлкен септігін тигізеді.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық қатынастар факультеті.,
Қарасай батыр, 95А, Алматы қаласы.
Күні мен уақыты: 04 сәуір 2025 жыл, 10.00–17.00.
Байланыс үшін ақпарат:
Ермекбаев Әділбек Алпысбаевич
📞 +7 700 771 52 17
📧 adilbekea@gmail.com