ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ НАҚТЫ ШЕКАРАСЫ ҚАНДАЙ?
Орталық Азия – ғасырлар бойы алып империялардың, көшпенділер мен отырықшылардың, сауда керуендері мен мәдени ықпалдастықтың тоғысқан мекені. Алайда бүгінгі таңда бұл аймақтың нақты шекарасы қандай деген сұраққа біркелкі жауап беру қиын. Түрлі зерттеушілер Орталық Азияны әртүрлі анықтайды, бірақ біздің көзқарасымыз бойынша, бұл аймақ Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанмен шектелуі керек.