Сараптамалық пікірлер
Жарияланған күні
Бастап
Дейін
«ӘЛЕМДІК БАСҚАРУ» ЖӘНЕ ЖАСЫРЫН ИДЕОЛОГИЯ: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҮШІН СЫНАҚТАР
«Әлемдік басқару» мен неолиберализм ұсынатын үлгілер Орталық Азия үшін дайын рецепт емес, сырттан енген интеллектуалдық конструкциялар ғана. Бұл теориялар халықаралық ынтымақтастық пен тұрақтылықты уәде еткенімен, олардың астарында белгілі бір өркениеттік және саяси мүдделер жатқанын ескермеу – стратегиялық қателік. Орталық Азия тәжірибесі көрсеткендей, аймақтың дамуы тек жаһандық институттарға бейімделумен емес, өз тарихи болмысына, әлеуметтік құрылымына және геосаяси шындығына сай теориялық негіз қалыптастырумен тығыз байланысты. Сондықтан мәселе неолиберализмді толық қабылдау немесе толық жоққа шығару емес, оны аймақтық сүзгіден өткізіп, сыртқы теорияларға тәуелді болмаудың интеллектуалдық алғышарттарын жасау болып отыр.
Толығырақ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ЖАҢА ӨҢІРЛІК АРХИТЕКТУРАСЫНДАҒЫ ӘЗЕРБАЙЖАН
Орталық Азия қай жерде аяқталады? Егер бұрын біз «бестік» (C5) форматына үйреніп келсек, бүгінде көз алдымызда жаңа конфигурация — C6 қалыптасып жатыр. Әзербайжан Каспий маңындағы жай көрші болудан қалып, ірі еуразиялық архитектураның «алтыншы түйініне» айналды. Баку бүгінде көлік және энергетикалық карталар арқылы өңірдің функционалдық денесіне енді. Алайда, мақала авторы Меруерт Шакирова атап өткендей, бұл жаңа құрылымның беріктігі дәл осы «алтыншы түйіннің» тұрақтылығына және мемлекеттердің өзара ымыраға келу дайындығына тікелей байланысты.
Толығырақ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ ӘЗЕРБАЙЖАН: 2025 ЖЫЛҒЫ АЙМАҚТЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАҢА ТАРМАҚТАРЫ
2025 жылы Әзербайжан мен Орталық Азия елдері арасындағы өзара іс-қимыл саяси жақындасуды, экономикалық байланыстардың өсуін және көлік-логистикалық интеграцияның белсенді дамуын қамтитын сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Ынтымақтастықтың өңірлік форматын кеңейту және Транскаспий маршрутының рөлін күшейту бірыңғай геоэкономикалық кеңістікті қалыптастыруға, транзиттік дәліздерді әртараптандыруға және өңірдің Еуразиялық тасымалдау және сауда жүйесіндегі позицияларын нығайтуға ықпал етеді.
Толығырақ
ӨЗБЕКСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯСЫ: ТАРИХИ ДАМУ ЖОЛЫ, РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ
Өзбекстанның азаматтық авиациясы ел экономикасының маңызды саласы болумен қатар, сыртқы саяси стратегияны қалыптастыруда да айрықша рөл атқарады. Бұл сектор аймақтық интеграцияға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және шетелдік инвестиция тартуға ықпал ететін көлік дипломатиясының тиімді құралына айналды. Азаматтық авиацияның дамуын талдау институционалдық реформалар мен нарықты жаңғыртудың Өзбекстанның Орталық Азиядағы және халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға тигізген әсерін бағалауға мүмкіндік береді
Толығырақ
ТҮРІКМЕНСТАНДА КРИПТОВАЛЮТА ЗАҢДАСТЫРЫЛУЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДІ ӘРТАРАПТАНДЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМ
2026 жылдың басы Түрікменстан үшін күтпеген, бірақ стратегиялық тұрғыдан маңызды жаңалықпен басталды. Ел билігі криптовалюта майнингі мен криптовалюталарды айырбастау қызметін заңды түрде реттейтін құқықтық базаны енгізді. Осылайша, Түрікменстан цифрлық активтер саласында Орталық Азиядағы ең консервативті мемлекеттердің бірі бола тұра, экономикасын әртараптандыру бағытында жаңа бетбұрыс жасады. Халықаралық БАҚ-тың бағалауынша, бұл шешім Түрікменстан үшін тек қаржылық-технологиялық жаңашылдық емес, сонымен қатар елдің экономикалық және институционалдық даму моделін қайта қарауға деген ұмтылыстың белгісі болып отыр. Бұған дейін криптовалюта айналымы елде заңсыз немесе құқықтық тұрғыда анықталмаған сала саналса, енді мемлекет оны толық бақылауда ұстай отырып, реттелетін экономикалық қызметке айналдырмақ.
Толығырақ
НЕЛІКТЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ӘЗЕРБАЙЖАН ҚАЖЕТ: КАСПИЙДЕН ЖАҢА ӨҢІРЛІК АРХИТЕКТУРАҒА ДЕЙІН
Қазіргі кезеңде Каспий кеңістігі «өңірлер арасындағы теңіз» болудан қалып, Еуразиялық байланыстылықтың маңызды түйініне айналып келеді. Осы контексте Әзербайжан тек Каспий маңындағы көрші мемлекет ретінде емес, Орталық Азияның жаңа маршруттарға, нарықтарға және автономияның түрлі форматтарына қол жеткізуіне тікелей ықпал ететін процестердің операторы ретінде көрініс табуда. Орта дәліз, энергетикалық әртараптандыру және Каспийге қатысты экологиялық тәуекелдер ортақ өңірлік күн тәртібін қалыптастырып отыр. Бұл күн тәртібінде Баку Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Түркия арасындағы байланысты қамтамасыз ететін түйіндік буын ретінде әрекет етеді. Бүгінгі таңда мәселе «Орталық Азияға Әзербайжан қажет пе?» деген сұрақта емес.
Негізгі мәселе — Орталық Азия өз өңірлік стратегиясында Әзербайжанға қандай рөл беруге дайын екенінде.
Толығырақ
АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕГІ КІТАПХАНА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ МЕН ЖАҢА БАСТАМАЛАРЫ
2025 жыл Азия елдеріндегі кітапхана саласы үшін маңызды бетбұрыс кезеңі болды. Дәстүрлі кітап сақтау және ақпарат тарату қызметінен бөлек, кітапханалар цифрлық технологиялармен, жасанды интеллект және әлеуметтік-мәдени жобалармен тығыз байланыса бастады. Бұл үрдіс кітапханаларды заманауи білім мен мәдениет орталығына айналдыруға бағытталған. Бұл халықаралық форумдар, ұлттық деңгейдегі реформалар мен инновациялық жобалар Азиядағы кітапхана ісінің жаңа бағыттарын айқындады.
Толығырақ
ТРАНЗИТ САЯСИ СУБЪЕКТИВТІЛІКТІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ РЕТІНДЕ: ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЛОГИСТИКАДАҒЫ ИРАН ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
Жалпы алғанда, Иранның көлік дипломатиясының жандануы және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықтың тереңдеуі транзит экономикалық тұрақтылық пен саяси субъектіліктің негізгі элементіне айналатын жаңа еуразиялық өзара тәуелділік моделінің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Оңтүстік теміржол дәлізі Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы ең болжамды құрлықтық маршруттардың біріне айналу әлеуетіне ие, алайда оның ұзақ мерзімді өміршеңдігі инфрақұрылымдық инвестициялармен қатар, қатысушылардың ынтымақтастықты институционалдандыру және геосаяси тәуекелдерді бірлесіп басқару қабілетіне байланысты болады.
Толығырақ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘНСІЛ МӘДЕНИЕТІ
Қазақстанда «кәнсіл мәдениеті» енді-енді қалыптасып келе жатыр. Бірақ оның қандай бағытта дамитыны – қоғамның әділет, құқық және мәдениетке деген ұстанымына байланысты болмақ. Кәнсіл мәдениетінің шекарасын сызатын ол қоғам, сондықтан кез-келген жаңадан пайда болған құбылыстар секілді кэнселинг те бастапқы табиғи бейімделуінде қиындықтарға да ұшырауы мүмкін.
Толығырақ
ТҮРІКМЕНСТАН: МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРА ЖӘНЕ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТ
Орталық Азия кеңістігінде Түрікменстан тарихи сабақтастық пен табиғи ерекшеліктері үйлескен, бірақ туристік тұрғыдан әлі толық ашылмаған мемлекеттердің бірі болып саналады. Ел аумағы көне өркениет ошақтарын, Ұлы Жібек жолының маңызды тораптарын, ислам дәуірінің сәулет ескерткіштерін және бірегей табиғи ландшафттарды біріктіре отырып, мәдени және танымдық туризмді дамыту үшін зор әлеуетке ие.
Толығырақ
ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?
2025 жылғы деректер Қырғызстанның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі орташа, бірақ осал позицияда тұрғанын көрсетеді. Климаттық тәуекелдердің күшеюі, аграрлық өндірістің төмен өнімділігі және импортқа тәуелділік азық-түлік инфляциясын тежеуді қиындатады. Сондықтан ұзақ мерзімді перспективада ел үшін агроөнеркәсіп кешенін әртараптандыру, су ресурстарын тиімді басқару, ішкі өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлеуметтік қорғау жүйесін күшейту стратегиялық басымдықтарға айналуы тиіс.
Толығырақ
КАСПИЙДІҢ ЖАҢА РӨЛІ: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН АРАСЫНДАҒЫ МҮДДЕЛЕР ТОҒЫСЫ
Жаһандық экономикалық және саяси белгісіздік сақталып отырған жағдайда, Әзербайжан мен Орталық Азия елдерінің каспийлік форматтағы ынтымақтастығы өңірдің орнықтылығы мен дербестігін айқындайтын маңызды факторға айналады. Осы тұрғыдан алғанда, Каспийдің болашағы оның географиясымен ғана емес, өңірлік акторлардың ортақ мүдделерді қаншалықты тиімді пайдалана алуымен анықталатын болады.
Толығырақ