Сараптамалық пікірлер
Жарияланған күні
Бастап
Дейін
ЖАҺАНДЫҚ БӨЛІНІС ДӘУІРІНДЕ ТҮРКІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЕ ҰСЫНА АЛАДЫ?
Түркі мемлекеттері ұйымы бүгінгі көпполярлы әлем жағдайында жаңа өркениеттік және геосаяси вектор ретінде қалыптасуда. Ұйымның басты ерекшелігі – оның ешбір державалар блогына қарсы бағытталмауы, керісінше, өзара теңдікке, тарихи жақындыққа және прагматикалық ынтымақтастыққа негізделуі. Бұл құрылым орта және шағын мемлекеттерге сыртқы қысымдарға қарсы тұрып, өз ұлттық мүдделерін ұжымдық түрде қорғауға мүмкіндік береді.
Толығырақ
ЕКІНШІ ҚЫТАЙ-ОРТАЛЫҚ АЗИЯ САММИТІНІҢ АЙМАҚТЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДИАЛОГ ҮШІН МАҢЫЗЫ
Әлемдегі тұрақсыздықтың, тарифтік соғыстардың және протекционизмнің күшеюі жағдайында екінші «Қытай – Орталық Азия» саммиті айрықша маңызға ие оқиғаға айналады. Ол өңірлік дамудың жаңа векторын белгілеп, шиеленісті азайтуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты ынталандыруға және аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға қабілетті. Бұдан бөлек, ол теңдік, прагматизм және өзара құрмет қағидаттарына негізделген жаңа еуразиялық тәртіптің қалыптасуына әкелуі мүмкін және институттандырылған өзара іс-қимылға негіз қалайды. Бұрын әлемдік саясаттың шеті ретінде қабылданған Орталық Азия қазіргі уақытта стратегиялық маңызы бар, дербес ұстанымы және өсіп келе жатқан ықпалы бар аймақ ретінде өзін айқын көрсете бастады.
Толығырақ
2025 ЖЫЛҒЫ МАМЫР — ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ БАҒЫТЫН БІРІКТІРУ КЕЗЕҢІ
2025 жылғы мамыр Өзбекстан трансформациясының маңызды кезеңіне айналып, елдің саяси курсындағы тұрақты дамуға терең бағытталғандығын көрсетті. Бір ай ішінде республика сыртқы саяси бастамаларды бірізді жүзеге асырып, инвестициялық белсенділікті күшейтіп, цифрлық және әлеуметтік жаңғыртуларда алға жылжыды. Белсенді халықаралық дипломатия және стратегиялық келісімдерге қол жеткізу аймақ пен әлемдегі елдің позицияларын нығайтуға септігін тигізді. Сонымен қатар ішкі реформалар мен жаңғырту жобалары теңдестірілген өсу мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға ұмтылысты айқындап тұр.
Толығырақ
ТҮРІКМЕНСТАНДАҒЫ БАСПАСӨЗ: ЕРКІНДІК БАР МА?
2025 жылы «Шекарасыз репортерлар» (RSF) ұйымы жариялаған Дүниежүзілік баспасөз бостандығы индексі тарихтағы ең төменгі көрсеткіштермен ерекшеленді. Рейтингтің орташа жаһандық ұпайы алғаш рет 55-тен төмен түсіп, бүкіл әлемдегі ахуал «қиын» деп бағаланды. Елдердің 60%-дан астамы баспасөз еркіндігі тұрғысынан нашарлаған. Бұл құбылыстың басты себебі - қаржылық қысым. Экономикалық тұрақсыздық салдарынан көптеген тәуелсіз БАҚ жабылып, жүздеген миллион адам сенімді және бейтарап ақпарат көздерінен айырылды.
Толығырақ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КӨПІРЛЕРІ: ҚЫРҒЫЗСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ҰЙЫМДАРДА
Қырғызстан тәуелсіздік алғаннан кейін халықаралық қатынастардың толыққанды субьектісі болумен қатар түрлі аймақтық және халықаралық ұйымдарға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Елдің белсенді сыртқы саясаты көптеген елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға ғана емес, екіжақты ынтымақтастық аясында 3 мыңнан астам халықаралық шарттар мен құжаттарға, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастық аясында 11 мыңнан астам құжатқа қол қоюға ықпал етті.
Толығырақ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ "ЛУ БАН ШЕБЕРХАНАСЫ" ЖОБАЛАРЫ: ҚЫТАЙДЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЫҚПАЛЫНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
Лу Бань шеберханалары Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бойынша серіктестерімен байланыстарды нығайту үшін «жұмсақ күшті» қалай қолданатынына мысал бола алады. Бұл жобалар арқылы Қытай жай ғана оқытуды емес, сонымен қатар академиялық алмасуларды, технологиялық трансфертті және мәдени коммуникацияны қамтитын институционалдық ынтымақтастық моделін ұсынады. Орталық Азияда шеберханалар нақты ұлттық басымдықтарға – көлік логистикасынан бастап энергетикаға және цифрлық технологияларға дейін бейімделген. Шеберханалар Орталық Азиядағы студенттер мен мамандарды заманауи біліммен және дағдылармен қамтамасыз етеді, бұл жергілікті экономиканың дамуына және Қытай мен аймақтар арасындағы екіжақты байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанда бұл модельдің табысты енгізілуі қытайлық кәсіптік білім беру тәсілінің тартымдылығының артып келе жатқанын және оның Еуразиядағы жаңа білім беру кеңістігін қалыптастырудағы рөлін көрсетеді. Осылайша, шеберханалар тек білім беру платформасы ретінде ғана емес, сонымен қатар аймақ елдерінің Қытайдың техникалық-экономикалық моделіне құрылымдық тәуелділігін күшейтетін «жұмсақ күш» элементтері ретінде де әрекет етеді. Орталық Азиядағы сыртқы акторлар (Ресей, ЕО, Түркия, АҚШ) арасындағы бәсекелестік жағдайында ҚХР-дың білім беру дипломатиясы Қытайдың аймақтағы тұрақты қатысуының ұзақ мерзімді стратегиясында барған сайын маңызды рөлге ие болуда.
Толығырақ
ТӘЖІКСТАН МЕН ИТАЛИЯ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Соңғы жылдары Тәжікстан мен Италия арасындағы дипломатиялық және экономикалық байланыстардың жандана түскені байқалады. Бұл екі елдің көпжақты ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылысын көрсетеді. Бұл бағытқа ерекше назар 2025 жылғы 30 мамырда Астанада өткен алғашқы «Орталық Азия – Италия» саммиті аясында аударылды. Саммит барысында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон энергетика, су ресурстары, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, ғылым және білім беру салаларында Италиямен тығыз әріптестікке дайын екендігін мәлімдеді.
Толығырақ
ГУРБАНГУЛЫ БЕРДІМҰХАМЕДОВТІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТУРЫ: АЙМАҚТЫҚ ДИПЛОМАТИЯНЫҢ ЖАҢА ПАРАҒЫ
Гурбангулы Бердімұхамедовтің Орталық Азияға жасаған сапары – бірқатар саяси және экономикалық келісімдерден бөлек, бүкіл аймақтың жаңа кезеңге аяқ басуын білдіреді. Түркіменстанның бейтараптық саясаты мен «жақындасу дипломатиясы» – Орталық Азия елдері арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықтың жаңа бағытын айқындап отыр. Бұл саяси тур Орталық Азияның бейбітшілік пен тұрақтылықты көздеген бастамаларын және интеграция мен қауіпсіздікті нығайту жолындағы маңызды қадам екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Аймақтық серіктестіктің тереңдеуі Орталық Азияның халықаралық саясаттағы орнын күшейтіп, алдағы жылдары тұрақты әрі тиімді қатынастардың негізін қалайды.
Толығырақ
ЖАҢА ТАШКЕНТ – ӨЗБЕКСТАННЫҢ ДАМУ ТАРИХЫНДАҒЫ БЕТБҰРЫС СӘТ
Өзбекстанның даму жолында соңғы жылдары көптеген маңызды реформалар жүзеге асып жатқаны белгілі. Алайда олардың ішінде ең ауқымдысы әрі символикалық мәні ерекше жобалардың бірі – Жаңа Ташкенттің салынуы. Бұл тек ірі құрылыс жобасы емес, бұл – елдің стратегиялық көкжиегін қайта анықтайтын, урбанистикалық мәдениетті жаңаша қалыптастыратын және болашақ ұрпақтың өмір сапасын айқындайтын маңызды бетбұрыс.
Толығырақ
БУДАПЕШТ САММИТІ: ТҮРКІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ЕУРОПАЛЫҚ ВЕКТОРЫ
2025 жылғы 21 мамырда Будапештте өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті ұйым тарихындағы маңызды кезеңге айналды. Саммиттің Еуропа аумағында өтуі Түркі мемлекеттері ұйымының геосаяси кеңеюге және Еуропамен өзара ықпалдастықты арттыруға деген ұмтылысын көрсетті. Жиын барысында экономикалық байланыстарды тереңдету, көлік-логистикалық жобаларды дамыту және жасыл энергетика саласындағы серіктестік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ұйымның институционалдық құрылымдарын жетілдіру мен халықаралық серіктестікті кеңейту бағыттары айқындалды. Будапешт саммиті Түркі мемлекеттері ұйымының трансөңірлік ықпалын нығайтудағы нақты қадам болды.
Толығырақ
ҚЫРҒЫЗ-РЕСЕЙ ҚАРЫМ—ҚАТЫНАСЫ: ПРЕЗИДЕНТ САДЫР ЖАПАРОВТЫҢ РЕСЕЙГЕ САПАРЫ
Қырғыз-ресей қарым-қатынасына көптеген өзгермелі факторлар әсер етеді. Олардың дамуы тараптардың прагматизмді сақтау, ішкі мүдделерді есепке алу және өзгермелі әлемге бейімделу қабілетіне байланысты. Дегенмен, әлемдегі геосаяси тұрақсыздық қарым-қатынасқа түрлі әсерін тигізуі мүмкін. Украинадағы соғысқа байланысты Ресей Федерациясының халықаралық оқшаулануының күшеюі экономикалық ынтымақтастықты, мигранттарды аударуды, инвестициялық жобаларды және доллар/еуромен есеп айырысуларды қиындату қаупі бар. Қырғызстан Қытаймен, Түркиямен, ЕО елдерімен және АҚШ-пен қарым-қатынастарын дамыта отырып, көпвекторлы саясатқа ұмтылуда. Бір жаққа бейімділік екіншісіне наразылық тудыруы мүмкін.
Толығырақ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРЫ
Орталық Азия елдерінің кітапханалары мен мұрағат мекемелері соңғы жылдары халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, сирек қолжазбалар мен көне жазбаларды цифрландыру, сақтау және зерттеу бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл бастамалар тек ақпараттық ресурстардың қолжетімділігін арттырып қана қоймай, аймақтың бай рухани мұрасын әлемге танытуға да жол ашуда. Түркі мемлекеттері ұйымының ортақ кітапхана құру туралы ұсынысы мен 2025 жылы Астанада өтетін IFLA форумы — осындай ынтымақтастықтың жарқын мысалдары. Сонымен қатар, аймақ кітапханалары халықаралық ұйымдармен серіктесе отырып, зерттеушілерге қолжетімді ортақ цифрлық платформалар мен каталогтарды дамытып келеді. Бұл — Орталық Азияның тарихи мұрасын сақтау және оны болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды қадам.
Толығырақ