Ф.ТОЛИПОВТЫҢ «ГЕОСАЯСИ АРИФМЕТИКА «5+1» МАҚАЛАСЫН ҚАЙТА ҚАРАУ
CABAR.asia ақпараттық порталында 2020 жылдың қараша айында танымал Өзбекстандық ғалым Фарход Толиповтың «Орталық Азиядағы геосаяси арифметика 5+1» атты мақаласы жарық көрген болатын . Жарық көрген уақытынан бері ғылыми ортада біраз пікірталас тудырған мақала еді. Соңғы уақыттардағы Орталық Азия аймағындағы болып жатқан геосаяси өзгерістер мен жаңалықтарды ескере отырып, осы мақалаға қайта бір оралып, ғылыми ортаға ойталқы ұсынбақшымыз.
Мақаладағы геосаяси арифметиканың негізгі мәні: 5+1 АҚШ болған жағдайда аймақтың өзіне басымдылық берілген жүйе, яғни 5+1=5; 5+1 Ресей болған жағдайда, Ресейдің басымдылығы, яғни 5+1=6; 5+1 Қытай болған жағдайда анық емес, екіұдай қатынастар, яғни 5+1=х. Ол Орталық Азия үшін ең маңыздысы 5+0 формуласы, яғни басқа ойыншыларсыз аймақтың жеке интеграциялануы туралы айтылған.