АПТА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ: ҚЫТАЙДЫҢ НАЗАРЫ ҚЫРҒЫЗСТАНҒА АУДЫ МА?
2025 жылдың 4-7 ақпанында ҚХР төрағасы Си Цзиньпиньнің шақыруымен Қырғыз президенті Садыр Жапаров Қытайға мемлекеттік сапарын жоспарлауда. Соңғы уақытта, Қытай мен Қырғыз Республикасының қарым-қатынасының динамикасының өсуі байқалады. Қытайдың Қырғыз Республикасына деген қызығушылығын ел болашағына қауіп ретінде ғана емес, ел экономикасының дамуына импульс беруші қозғаушы күш ретінде қарастыруға болады. Себебі, Қытайда бәрімізге белгілі үлкен нарық бар, сонымен қатар елдің экономикалық әлеуетін ескеретін болсақ бұл елмен серіктес болуға ұмтылатындар да аз емес. Алдағы онжылдық тек Қырғызстан ғана емес, жалпы Орталық Азия аймағы сыртқы міндеттемелерін қаншалықты тиімді пайдалана алатынын, сондай-ақ Қытай «экономикалық ғажайыбымен» қаншалықты бөлісуге дайын екенін көрсететін болады.