АЛДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР
ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АҚШ ПЕН ҚЫТАЙДЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ: СТРАТЕГИЯЛЫҚ МҮДДЕЛЕР ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ САЛДАРЛАР
Орталық Азиядағы АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекелестік жақын жылдары тек күшейе түседі. Қытай өз ықпалын нығайту үшін экономикалық инвестициялар мен инфрақұрылымдық жобаларды пайдалануды жалғастырады, ал АҚШ энергетикалық қауіпсіздікке, демократияға және аймақтық тұрақтылыққа назар аудара отырып, ынтымақтастықтың баламалы тетіктерін ұсынуға тырысады. Бұл жағдайда Орталық Азия елдері өз егемендігін қорғау және тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін жетекші әлемдік державалар арасында тепе-теңдік іздеуі керек.
Толығырақ
ӨЗБЕКСТАН ҮШІН ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕР: ШАВКАТ МИРЗИЕЕВТІҢ МАЛАЙЗИЯ, БАӘ, КУВЕЙТ ЖӘНЕ САУД АРАБИЯСЫНА САПАРЛАРЫ
Соңғы айларда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Оңтүстік-Шығыс Азия мен Парсы шығанағының негізгі елдеріне — Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Кувейт және Сауд Арабиясына маңызды сапарлар жасады. Бұл сапарлар Өзбекстанның әлемдік серіктестермен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарын нығайтудағы маңызды кезең болды, сонымен қатар елдің инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті. Осы елдің әрқайсысы Өзбекстанның халықаралық үдерістерге интеграциялануына бағытталған сыртқы саясатының стратегиялық рөлін атқарады.
Толығырақ
Ф.ТОЛИПОВТЫҢ «ГЕОСАЯСИ АРИФМЕТИКА «5+1» МАҚАЛАСЫН ҚАЙТА ҚАРАУ
CABAR.asia ақпараттық порталында 2020 жылдың қараша айында танымал Өзбекстандық ғалым Фарход Толиповтың «Орталық Азиядағы геосаяси арифметика 5+1» атты мақаласы жарық көрген болатын . Жарық көрген уақытынан бері ғылыми ортада біраз пікірталас тудырған мақала еді. Соңғы уақыттардағы Орталық Азия аймағындағы болып жатқан геосаяси өзгерістер мен жаңалықтарды ескере отырып, осы мақалаға қайта бір оралып, ғылыми ортаға ойталқы ұсынбақшымыз. Мақаладағы геосаяси арифметиканың негізгі мәні: 5+1 АҚШ болған жағдайда аймақтың өзіне басымдылық берілген жүйе, яғни 5+1=5; 5+1 Ресей болған жағдайда, Ресейдің басымдылығы, яғни 5+1=6; 5+1 Қытай болған жағдайда анық емес, екіұдай қатынастар, яғни 5+1=х. Ол Орталық Азия үшін ең маңыздысы 5+0 формуласы, яғни басқа ойыншыларсыз аймақтың жеке интеграциялануы туралы айтылған.
Толығырақ
ТҮРІКМЕНСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДАҒЫ БЕЛСЕНДІЛІГІ: ДУШАНБЕДЕГІ КЕЗДЕСУ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ
2025 жылдың 5 ақпанында Тәжікстан астанасы Душанбеде «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» форматы аясында Ауғанстан мәселелері бойынша арнайы өкілдердің алтыншы кездесуі өтті. Бұл жиында Түрікменстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмет Гурбанов басқарды. Аталмыш форматтағы кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, Ауғанстанда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымдарды талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Толығырақ
ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУ ТӘЖІКСТАНДА: ДЕМОКРАТИЯ ИЛЛЮЗИЯСЫ МА, ӘЛДЕ РЕФОРМАЛАРҒА ҚАДАМ БА?
2025 жылғы 2 наурызда Тәжікстанда парламенттік сайлау өтеді, оның нәтижесінде төменгі палатаға (Маджлиси намояндагон) 63 депутат сайланады. Сайлау аралас жүйе бойынша өтеді: 41 депутат бір мандатты округтерден, ал 22 – партиялық тізім бойынша сайланады. Дегенмен, билеуші партия дәстүрлі түрде орындардың басым бөлігін иемденетін елде еркін және әділ сайлаулардан үміт күтуге бола ма?
Толығырақ
ҚЫРҒЫЗ ЭКОНОМИКАСЫ ӨСІМІН САҚТАП ҚАЛА АЛАДЫ МА?
2025 жылдың алғашқы экономикалық көрсеткіштеріне көз жүгіртетін болсақ, қаңтар айындағы қайта өсімді байқаймыз. Жалпы өнім 96 миллиард 788 миллион сомды құрап, 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 10,6%-ға өскен. Көрсеткіштердің өсімі тауар өндірісі, қызмет көрсету және салық түсімдері көлемінің ұлғаюымен сипатталады. Еуразиялық даму банкінің зерттеу қорытындылары бойынша алдағы уақытта ішкі сұраныс пен тұрақты экспорттық өсім ел экономикасының өсімінің драйвері болады. Сонымен қатар, экономикалық дамудың қосымша стимулы ретінде жоғары инвестициялық белсенділікті атап көрсеткен.
Толығырақ
ҚЫРҒЫЗСТАН МЕН ҚЫТАЙ: СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ НЕМЕСЕ ГЕОСАЯСИ МАНЕВР
Қырғызстанның стратегиялық орналасуы аймақтық сауданың маңызды торабына және Қытайдың «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасының негізгі буынына айналдырады. Қытайлық сарапшылар республиканы Орталық Азияға шығатын өзінің "қақпасы" деп атайды, өйткені Бейжің капитал мен технологияларды қамтамасыз етеді, ал Қырғызстан ресурстар мен жұмыс күшін ұсынады. Жаһандық өзгерістер мен аймақтың өсіп келе жатқан рөлі жағдайында екі елдің ынтымақтастығы жаңа мәнге ие болады.
Толығырақ
2025 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚ-ӨЗБЕК ШЕКАРА БЕКЕТТЕРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Қазақстан мен Өзбекстан – Орталық Азиядағы ең ірі екі мемлекет, оларды тығыз экономикалық, саяси және мәдени байланыстар біріктіреді. 2300 шақырымнан асатын бұл шекара екі ел арасындағы сауда мен азаматтардың еркін қозғалысында маңызды рөл атқарады. 2025 жылы қазақ-өзбек шекара бекеттерінің жұмысында өткізу қабілетін арттыру және шекарадан өту рәсімдерін жеңілдету мақсатында айтарлықтай өзгерістер орын алды.
Толығырақ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ +
«Орталық Азия+» форматы ұйым немесе саяси басқа да құрылымдық бірлестік, қауымдастық емес. Яғни, ешкімді өзінің мемлекеттік мүддесінен асып, міндеткерлік деңгейде шешімдер қабылдауға итермелемейді, турасын айтқанда «тәуелсіздік» түсінігіне қатер тудырмайды.
Толығырақ
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРІКМЕНСТАН: АЙМАҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестік — тұрақты даму мен аймақтық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі. Екі елдің көлік-логистика, энергетика және сауда-экономика салаларындағы бірлескен жобалары Орталық Азияның геосаяси және экономикалық маңызын арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қабылданған шешімдер мен нақты шаралар өзара тауар айналымын ұлғайтып қана қоймай, бүкіл аймақтағы тұрақтылық пен гүлденуге негіз болады.
Толығырақ
ТӘЖІКСТАНДА ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ МЕН ЗЕЙНЕТАҚЫ ӨСЕДІ
Соңғы жылдары Тәжікстанда халықтың сатып алу қабілеті едәуір төмендеп, экономикалық теңсіздік пен инфляция мәселелері өзекті сипат алды. Әлеуметтік төлемдердің жеткіліксіздігі мен төмен жалақы экономикалық өсудің баяулауына және халықтың әл-ауқатының төмендеуіне ықпал етті. Осыған байланысты, 2025 жылдың 8 ақпанында Тәжікстан мемлекет басшысы жалақы мен әлеуметтік төлемдерді арттыру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл реформа елдегі әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында қабылданған маңызды қадам болып табылады.
Толығырақ
САДЫР ЖАПАРОВТЫҢ ҚЫТАЙҒА САПАРЫ
Қырғыз Президенті Садыр Жапаров ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді. Тараптар қырғыз-қытай қатынастары, тең құқықты ынтымақтастықты тереңдету және өзара мүдделі халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, 2023 жылдың мамырында қол қойылған стратегиялық әріптестікті орнату туралы декларацияның нәтижесін жоғары бағалап, болашақтағы Қытай мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін ұстанымдарды қуаттады. Кездесу қорытындысы бойынша екі жақты стратегиялық әріптестікті нығайтуға негізделген 20-дан аса құжаттарға қол қойды.
Толығырақ