ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ: САЯСАТ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Қырғызстан үшін 2025 жыл әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты нығайту, халықаралық көрсеткіштердегі орнын айқындау және ұзақ мерзімді дамудың негізгі басымдылықтарын белгілеу кезеңі болды. Елдегі негізгі саяси оқиғаларға тоқталмас бұрын, экономикалық көрсеткіштерге шолу жасасақ. 2025 жылы Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішінде ЖІӨ өсу қарқыны, инвестиция тарту еңбек миграциясынан келетін кірістің өсімі бойынша көшбасшы ел атанды .
Сонымен қатар, экономикасы ең жылдам дамушы ел ретінде әлемде алғашқы үштікке кірді, бұл елдегі аталған саладағы реформалар мен дұрыс таңдалған экономикалық стратегияның әсері. Экономикалық саладағы оң көрсеткіштерден бөлек, Қырғызстан халықаралық қатынастарда, ғылым, мәдениет және спорт салаларында біршама жетістіктерге жетті.