АЛДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР
ОРТА ДӘЛІЗДІҢ ДАМУЫ: ЖАҺАНДЫҚ ЛОГИСТИКАДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТРАНЗИТТІК ТОРАП РЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
Соңғы жылдары Қазақстан Ресей арқылы өтетін дәстүрлі бағдарларға балама ұсына отырып, Қытай мен Еуропаны байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) дамуында маңызды орынға ие болды. Чэнду мен Лодзь арасындағы бағдар сияқты жаңа теміржол транзиттік желілерінің іске қосылуы Қазақстанның стратегиялық транзиттік торап ретіндегі өсіп келе жатқан әлеуетін көрсетеді. Бірақ Орта дәліздің дамуына байланысты қиындықтар мен мүмкіндіктерді, сондай-ақ оның Қазақстан экономикасына және Орталық Азиядағы геосаяси жағдайға әсерін де қарастыру қажет.
Толығырақ
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ САРАПШЫНЫҢ ТАЛДАУЫ: ӨЗБЕКСТАННЫҢ БОЛАШАҚ ОДАҚТАСТАРЫ КІМДЕР?
Өзбекстандық саясатшы Камолиддин Раббимовтың «Одақтастық дегеніміз не? Өзбекстанның одақтастары кімдер және алда кімдер болуы мүмкін?» атты мақаласында Өзбекстанның одақтастық саясатының қалыптасуы, оның қазіргі және ықтимал болашақ серіктестері жан-жақты қарастырылған. Бұл мақала аймақтық қауіпсіздік, геосаяси өзгерістер мен Орталық Азиядағы жаңа дипломатиялық үрдістерді ескере отырып, маңызды тақырыптарды көтереді. Осы тұрғыда, мақаланы қазақстандық көзқараспен саралап көрейік.
Толығырақ
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН – НИККОЛО МАКИАВЕЛЛИ
1020 жылы Орталық Азияда дүниеге келген Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» еңбегінде, Макиавеллидің еңбегіндегі ойлардың бәрін айтады. Баласағұн артықшылығы күш пен қатал заңның маңызды екендігін айтқанымен, билеушінің мінезіне оның шешімдеріне әсер ететін негізгі фактор «ізгілік пен ұят» екендігін қайта-қайта айтады.
Толығырақ
ТҮРІКМЕНСТАН ЖӘНЕ АУҒАНСТАН: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІ
Ауғанстан Орталық Азия елдері үшін маңызды стратегиялық фактор болып қала береді. Бір жағынан, ол транзиттік және экономикалық мүмкіндіктер ұсынса, екінші жағынан, қауіпсіздік және су ресурстары сияқты мәселелерді туындатады. Ауғанстан мен Түрікменстанның қарым-қатынасы тек экономикалық ынтымақтастықпен шектелмейді. Су ресурстарын пайдалану мәселесі де күн тәртібінде тұр. Ауғанстанның су ағындарын өзгертуі Түрікменстан мен басқа да Орталық Азия елдеріне әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, Ауғанстаннан келетін көлеңкелі бизнес, есірткі трафигі және тұрақсыздық факторлары да аймақтық қауіпсіздікке қатер төндіреді.
Толығырақ
АУҒАНСТАНДАҒЫ КУШ-ТЕПЕ КАНАЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ ӘСЕРІ
Орталық Азиядағы су ресурстары аймақтың тұрақтылығы мен дамуы үшін аса маңызды фактор болып табылады. Климаттық өзгерістер мен су тұтынудың артуына байланысты трансшекаралық өзендерді басқару аймақ елдері үшін басты міндеттердің біріне айналуда. Осы тұрғыда Ауғанстанда салынған, суын Әмудария өзенінен алатын Куш-Тепе каналы көрші елдер, әсіресе, суға тәуелді Өзбекстан мен Түрікменстан тарапынан алаңдаушылық туғызуда.
Толығырақ
ҚЫРҒЫЗСТАН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН БІРІГІП СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫН САЛАДЫ
Қазақстан және Қырғызстан Еуразиялық Экономикалық Одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Түркі мемлекеттері ұйымы сияқты интеграциялық құрылымдар аясында белсенді ынтымақтасады. Қырғызстан тарапынан қарастыратын болсақ, Қазақстан елдің негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Соңғы уақытта елдер арасындағы тауар айналымының өсуін байқаймыз. Мәселен, 2024 жылы тауар айналымының көлемі 1 миллиард 340 миллион долларды құрады. Аталған жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстандық компаниялар Қырғызстан экономикасына 49 миллион долларға жуық инвестиция салды. Ал, Қазақстан үшін Қырғызстан су ресурстарын бөлуде, жеңіл өнеркәсіп саласында маңызды серіктес болып табылады.
Толығырақ
ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫ МА, ӘЛДЕ ТӘУЕЛДІЛІК ПЕ?
Қытай мен Орталық Азия ынтымақтастығы көлік, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында белсенді дамып келеді. Инфрақұрылымдық жобалар аймақтың транзиттік әлеуетін күшейтеді, аграрлық экспорт жаңа нарықтар ашады, ал өнеркәсіптік серіктестік технологиялық жаңғыртуға ықпал етеді. Алайда, Қытайға тәуелділік, азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп және экологиялық мәселелер сияқты тәуекелдер бар. Тұрақты даму үшін аймақ елдеріне серіктестікті әртараптандыру, жергілікті өндірісті дамыту және экономикалық дербестікті нығайту маңызды.
Толығырақ
2025 ЖЫЛҒЫ АҚПАН АЙЫНЫҢ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ: ДАМУҒА ҚАДАМДАР МЕН ЕЛ ӨМІРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
2025 жылғы ақпан Өзбекстан үшін экономика, әлеуметтік сала және халықаралық қатынастардағы елеулі өзгерістер айы болды. Ел билігі бизнесті, азаматтарды және инфрақұрылымды қолдауға бағытталған жаңа реформаларды жүзеге асыру арқылы жаңғырту бағытын жалғастырды. Бұл ай қоғам өмірінің әртүрлі аспектілеріне әсер еткен бірқатар маңызды оқиғалармен есте қалды.
Толығырақ
ҚЫРҒЫЗСТАН-ӨЗБЕКСТАН-ТӘЖІКСТАН: СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Алдағы уақытта Қырғызстан-Өзбекстан-Тәжікстан қарым-қатынасының даму мүмкіншілігін жоғары бағалауға болады. Бұлай айтуымызды елдер тарапынан жасалынып жатқан келесі қадамдармен түсіндіре аламыз. Біріншіден, Қырғызстан футбол одағы (ҚФУ) Өзбекстан және Тәжікстан футбол қауымдастықтарымен бірлесіп, 2031 жылы футболдан Азия кубогын өткізуге Азия футбол конфедерациясына (АФК) алдын ала өтінім берді. Өтінім тапсырар алдында үш елдің футбол федерацияларының өкілдері турнирді өткізу мүмкіндігінің егжей-тегжейлерін талқылау үшін келіссөздер жүргізді. Толық іріктеу процесі бірнеше кезеңнен өтеді және қабылдаушы ел туралы соңғы шешімді АФК 2026 жылы қабылдайды. Екіншіден, 31 наурызда Тәжікстанның Худжанд қаласында Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттерінің қатысуымен тұңғыш рет үшжақты саммит өтеді. Бұл туралы 24 ақпанда Женевада БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 58-сессиясында сөйлеген сөзінде Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсалов мәлім етті.
Толығырақ
ТҮРІКМЕНСТАН МЕН ИРАН: АЙМАҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
Түрікменстан мен Иран арасындағы серіктестік Орталық Азия мен Таяу Шығыстың геосаяси құрылымына ықпал етуі мүмкін. Бір жағынан, бұл ынтымақтастық Түрікменстанның Иран арқылы халықаралық нарықтарға шығуын жеңілдетсе, екінші жағынан, Иран үшін солтүстік бағыттағы көлік дәліздерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл үрдіс аймақтағы логистикалық жүйелердің дамуына, трансшекаралық сауда көлемінің ұлғаюына және экономикалық өзара тәуелділіктің күшеюіне алып келуі мүмкін.
Толығырақ
ТӘЖІКСТАН МЕН ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КӨРІНІСІ
Соңғы онжылдықтарда Тәжікстан мен Қытай саяси, экономикалық және әскери салаларда тығыз қарым-қатынас орнатуда. Қытай Орталық Азиядағы ықпалын кеңейтіп, инвестициялар, инфрақұрылымдық жобалар және қауіпсіздік тетіктері арқылы өз позициясын нығайтуда. Қытай Тәжікстандағы өз позициясын нығайту үшін «жұмсақ күш» стратегиясын белсенді қолдануда. Соңғы жылдары Қытайдың мәдени ықпалы айтарлықтай артып, білім алмасу, тілдік бағдарламалар және мәдени бастамалар арқылы күшейе түсті.
Толығырақ
ҚЫТАЙ ӘЛЕМДІ ҚАШАН БИЛЕЙДІ?
Өзіңді де өзгені де білсең – 100 рет соғыссаң да жеңіске жетесің, Өзіңді біліп, өзгені білмесең – бірде жеңіп, бірде жеңілесің, Өзіңді де, өзгені де білмесең – мәңгі жеңілесің. Сұн Зы Б.з.д. 545 жылы дүниеге келген қытайлық ойшыл Сұн Зының осы бір қанатты сөзіне: «Өзгені біліп, өзіңді білмесең – бодан боласың» - деген жолды қосқымыз келеді. Біз осы өзімізден өзгені жақсырақ білеміз бе, әлде өзімізді де өзгені де білмейміз бе? Бірақ бүгінгі сұрақ «Қытай» туралы.
Толығырақ